00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Жас сарбаз» қозғалысында 280 мыңға жуық бала тәрбиеленеді

08.12.2023 | 07:00
34
Фото: дереккөз

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бес жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен өткен жалпы жиналыста «Жас сарбаз» қозғалысының 2024 жылы іске асырылатын негізгі жобалары таныстырылды.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Жұмабек Ахметов, Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы, полковник Арман Әбеуов, Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Асенов, Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің басқарма бастығы Сәуле Апетова, «Әскери-патриоттық клубтар федерациясы» және «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл қатысты.

2e476684cdc5aeea3594a51e6210f09f_1280x720.jpg

Бес жыл ішінде «Жас сарбаз» қозғалысы өз ұстанымын нығайтып, тұжырымдамалық негіздер мен дәстүрлерге ие болды. Бүгінде әскери-патриоттық қозғалыс еліміздің барлық өңіріндегі 280 мыңға жуық баланы қамтып отыр. Қозғалыс тәрбиеленушілері отансүйгіштік рухта және ерлікке толы өткен тарихымызға мақтанышпен тәрбиеленіп келеді, – деді генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов.

Іс-шара барысында «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының құрылтайшылар қатары толығып, оларға төсбелгілер мен куәліктер табыс етілді.

74cad2cd86390272c15097d198070e02_1280x720.jpg

Қозғалыс активінің кеңейтілген жиналысында қоғамдық бірлестік белсенділерін, педагогтарды, әскери қызметшілерді, азаматтық персонал мен жұртшылық өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара «Жас сарбаз» балалар студиясының тәрбиеленушілері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

Барлық жаңалықтар