00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Жұлдызай-23» XVIII Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің жеңімпазы анықталды

01.06.2023 | 17:44
36
Фото: дереккөз

Елордада 1 маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында «ерекше» балаларға арналған XVІIІ Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы Фестивалінің Гала-концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл сайын гала-концерт сахнасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен «ерекше» балалар жиналады. Биыл республикалық кезеңге қатысуға еліміздің барлық өңірінен 550 өтініш қабылданды. Фестиваль 4 номинация бойынша өтті: вокал, хореография, аспапта орындау және әнді ыммен орындау. 

кек1.jpeg

Фестивальге Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы қатысып, жылы лебізін білдіріп, балаларды мерекемен құттықтады.

Бүгін «Жұлдызай» фестивалі арқылы сіздерді арнайы құттықтауға келіп отырмын. Ғұмырларыңыз ұзақ болып, жүздеріңізден жылы күлкі кетпей, бақыттың құшағында жүрулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Оқу-ағарту министрлігінің ең басты міндеттерінің бірі - еліміздегі 0 жастан 18 жасқа дейінгі 6 млн 700 мың баланың қауіпсіздігін, олардың сапалы білім мен саралы тәрбие алуын қамтамасыз ету. Балалардың өздерін бақытты, жайлы сезінуі үшін министрлік және ұстаздар қауымы тынбай қызмет етеді, - деді министр.

кек.jpeg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2005 жылдан бастау алған фестивальге алғашқы жылы 70 бала қатысқан. Ал биыл бүкіл Қазақстан бойынша 6000 бала қатысып, Республикалық кезеңге 190 бала іріктелді.

кек2.jpeg

Бұл еліміздегі «ерекше» балаларға арналған Республикалық деңгейдегі жалғыз жоба. Сол себепті жобаға қатысушылар фестивальді асыға күтеді. Бұнда ерекше балалар өзіне дос таба алады, тіпті жоба арқылы өмірлік жарын тауып жатқандар да бар. Біздің мақсатымыз мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін халыққа таныту, дамуына, өз жолын табуына мүмкіншіліктер жасау. Негізі «Жұлдызай» корпоративтік қоры 2003 жылдан бері жұмыс жасайды. Фестиваліміз шығармашылық бағыттағы өнер додасы болса, бұдан бөлек «ерекше» балалар үшін спартакиада ұйымдастырамыз, - деді «Жұлдызай» корпоративтік қорының PR менеджері Әсемгүл Мұрзамбет.

ашо.jpeg

Гала-концерттің соңында фестиваль жеңімпазының есімі белгілі болды. Жеңімпаз фестивальдің сайтында көпшілік дауыс беру арқылы анықталды. Жеңіске Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қоныстану ауылының Жаңашаруа қазақ орта мектебінің оқушысы Ақерке Түгелбай ие болды.

Мөлдір МАНДЫБЕКҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар