00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Ulytau» этно-рок тобы елордада концерт өткізеді

04.10.2023 | 14:07
44
Фото: ашық дереккөз

Астанада әйгілі «Ulytau» этно-рок тобы үлкен концерт өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

24 қазан күні кешкі сағат 20.00-де «Барыс-Арена» мұз сарайында жобаны жасаушы және продюсер Қыдырәлі Болманов бастаған «Ulytau» тобы өзінің 25 жылдығына орай концерт өткізеді.

Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Қарақат Әбілдина, Майра Мұхаммедқызы, RaiM, Kalifarniya, Amre, Qanay өнер көрсетеді.

«Ұлытау» – бұл батыс және шығыс мәдениеттерінің бірігуі әрі әлемде осы аспаптық жоба сияқты өзге баламалары жоқ.

Скрипканың жұмсақ дыбысы қазақ домбырасының таңғаларлық мотивтерімен үйлеседі, ал электр гитараның айқын екпіндері топтың дыбысын шынында ерекшелей түседі. Ұлытау музыканттары қазақтың әйгілі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев секілді күйшілердің, сол сияқты әлемдік Бах, Вивальди, Паганини туындыларын орындайды әрі қазақтың халық шығармаларына да көп көңіл бөлінеді.

Барлық жаңалықтар