00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Тұрмыс» іс-шарасы аясында 500-дей астаналық жауапкершілікке тартылды

19.01.2024 | 15:00
39
Фото: дереккөзден

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, қылмыс жасауға бейім тұлғаларды, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру бойынша ауқымды іс-шаралар өткізуде. 

Жедел шара басталғалы полицейлер тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған мыңға жуық адамды тексерді. Олардың ішінде өздеріне қатысты қорғау ұйғарымы шығарылған тұлғалар, арнайы талаптар, өз міндеттерін орындамайтын ата-аналар және т.б. 500-ге жуық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 195 жанұялық дау-дамайға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылып, сот олардың мінез-құлқына 41 арнайы талап қойды, оның ішінде алкогольді ішуге тыйым салу да қарастырылған, - деді қалалық полицияның баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалықтар