00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Шағын футболдан Астана әкімінің кубогі турнирі өтеді

14.08.2023 | 08:30
33
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада «Біз – өмірді таңдаймыз!» ұранымен шағын футболдан Астана әкімінің кубогі турнирі өтеді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Турнир 15 тамыз күні 187-ші көшеде орналасқан «футбол-хоккей» кортында ашылып, 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Іс-шараның басты мақсаты – есірткісіз болашақты насихаттау, өскелең ұрпаққа денсаулықтың маңыздылығын түсіндіріп, салауатты өмір салтын бойына сіңіру.
Турнирді ұйымдастырушы Астана қаласы ПД Есірткі қылымысына қарсы іс-қимыл басқармасы өз кезегінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Жастар саясаты басқармасының және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдау көрсетуімен өткізуді жоспарлап отыр, - деп жазылған Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында. 

Турнирге  2 жас дәреже бойынша аула командалары қатысады (1-дәреже: 14-16 жас және 2-дәреже: 17-18 жас).
Турнирді қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттауға аранлған салтанатты іс-шара қыркүйектің 23 күні өтеді. 

Барлық жаңалықтар