00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Ресейдің Самара облысының кәсіпкерлері Астананың өнеркәсіптік әлеуетімен танысты

10.04.2024 | 21:02
45
кәсіпкерлік
Фото: astana_kasipker/Instagram

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен «Астана» дипломатиялық клубы өкілдері РФ Самара облысының іскер топтарымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Тараптар бизнес пен инвестициялық әлеуетті дамытуда тәжірибесімен алмасты. Астана мен Самара облысы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылап, елордада бірлескен кәсіпорындар құру туралы айтылды.  

Бұған қоса Самарадан келген делегация Қазақстан астанасының өнеркәсіптік әлеуетімен танысу үшін «Астана-жаңа қала» АЭА мен сауда-өндірістік бейіндегі бірқатар кәсіпорындарды аралады. Бұл бизнес-миссияны Самара қалалық округінің әкімшілігі мен Самара облысының сауда-өнеркәсіп палатасы бастады.

Айта кетейік, бұл аймақ Ресейдің ең ірі және индустриалды аймақтардың бірі болып саналады. Қазақстанға жақын орналасқан және қазақстандық серіктестермен өзара іс-қимылды одан әрі арттыруға, экономикада және еліміздің нарығында қатысуды кеңейтуге мүдделі.

Барлық жаңалықтар