00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Өрт сөндіретін көліктердің кіріп-шығуы қиындайды – Астана тұрғыны

26.02.2024 | 06:45
40
Фото: автордан

Былтыр қыркүйек айында Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 19/4 үй тұрғындары атынан Сарыарқа ауданы әкімдігіне арыз жазып едік. 4 үйдің алдында жатқан бос жерлерге балаларға арналған ойың алаңқайларын, саябақтар, көлік тұрағын салуды және абаттандыру жұмыстарын жүргізуді сұрадық. Ол жерге Астана қаласы мәслихатының депутаты Бауыржан Смайылов та келіп, көріп кетті. Егер балабақша салынса, өрт сөндіруші көліктердің кіріп-шығуы қиындайды, - деді аудан тұрғыны Малика Бейсебаева. 

Бұл сұраққа жауап берген қала әкімі Қойылған сұрақ қосымша зерттеуді талап ететініне тоқталды. 

Ол маңда норма бойынша балабақша салынады. Тұрғындардың бір бөлігі саябақ сұраса, енді бір бөлігі балабақша салғанын қалайды. Тағы біреулер мектеп керек деп отыр. 

Дәл қазір мен сізге балабақша болмайды деп нақты айта алмаймын. Негізі жоспар бойынша балабақша болу керек. Жалпы мен қарсы емеспін. Бұл мәселені қосымша тағы зерттейік, - деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.

Сәбина КӘКІМЖАН

Барлық жаңалықтар