00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Үркерде» жеке тұрғын үйлер газдандырылады

12.12.2023 | 05:15
62
фото: Оңалхан Өнерхан

Ірі қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші ондағы шағын аудандардың әлеуетімен де өлшенетіні белгілі. Мәселен бүгінде елорда маңында орналасқан 16 тұрғын алаптың барлығы дерлігінде жағдай жақсарып келеді. Солардың бірі –Қорғалжын тас жолы бойында орналасқан «Үркер» тұрғын алабы. Elorda.info тілшісі тұрғын алаптың тыныс-тіршілігімен арнайы барып танысып қайтты.

Елді мекенге кіреберісте жаңадан салынған үйлер, асфальталған жол, құрылысы жүріп жатқан нысандарды бірден байқауға болады. Нұра ауданына қарайтын тұрғын алапта 33 мың адам тұрады.  Елді мекенде 3 балабақша, мектеп пен емхана және биыл құрылысы аяқталған дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді.

АВТОБУС.JPG

Тұрғын алап туралы толық ақпарат білу үшін Нұра ауданы әкімінің «Үркер» тұрғын алабындағы бас инспекторы Жарқын Айтжановпен байланысқа шықтық. Оның сөзінше, елді мекен тұрақты дамып келе жатыр. 

Тұрғын алап  жыл басында қабылданған Жол картасына сәйкес дамуда. Бұл карта «Үркер» тұрғын алабының негізгі жүйелі және күнделікті мәселелерін көрсетеді. Биыл сәуір айынан бастап, яғни аудан құрылған күннен бастап біз тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Мәселен, жол картасында көрсетілген 63 пунктінің 32-сі орындалды, жыл соңына дейін 14 - і орындалады. Қалған 17 мәселе 2024-2025 жылдары толығымен шешілетін болады,- деді Жарқын Айтжанов. 

ШКОЛА.JPG

Бүгінде елді мекенде 2 мемлекеттік мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олардың бірі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынуда. Бұл мектеп 4000 балаға арналған. Ал екінші мектеп 1800 оқушының білім алуына мүмкіндік береді.  

Бас инспектордың мәліметінше, Үркерде сумен жабдықтау желілері толығымен қосылған. Мұндай көрсеткіш жыл соңына дейін кәріз желілері бойынша да іске аспақ. 

Тұрғын алапта су бар. Кәріз және жарықтандыру желілері бойынша жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Биыл жоба бойынша жоспарланған 63 шақырым электрмен жабдықтау желісінің соңғы 15 шақырымы салынды. Бұл жұмыстар Ауған секторындағы 164 нүктеде көше жарығын қосуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «Үркерде» құрылыс үшін резервтік электрмен жабдықтау желілері жобалануда. Келесі жылы біз жеке секторды газдандыруға кірісеміз. Бүгінгі күні газ құбырының құрылысы аяқталып, 2 газ реттеу пункті орнатылды.  Сонымен қатар жақын маңда кәріз тазарту стансасының құрылысын бастау жоспарланған еді. Алайда тұрғындармен диалог барысында қала әкімінің шешімімен жобаның құрылысы тоқтатылып, стансаның орнын ауыстыру мәселесі қаралып жатыр. Сондай-ақ, «Үркерде» барлық жерде магистральдық орталық кабельдер салынды, енді көшелер арасында салу жұмыстары жүргізілуде. Өтінімдер мүмкіндігінше пысықталып жатыр,- деп түсіндірді бас инспектор.

СПОРТ.JPG

Әкімдік өкілінен қысқаша ақпарат алған соң,  тұрғын алапта жақында ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне қарай баруды жөн санадық. Ондағы мақсатамыз – тұрғындар пікірін білу еді. Спорт кешені жанында скандинавиялық жүріске дайындалып жатқан бір топ адамды көріп, әңгімеге тарттық. 

СПИКЕР.JPG

Біз отбасымызбен «Үркерге» осыдан 2 жыл бұрын қаладан көшіп келгенбіз. Ауасы таза, жазда да қыста да өмір сүруге қолайлы.  Тек кәріз тазарту стансасының құрылысы жүргізілмесе дейміз. Өйткені жағымсыз иіс бар жерде ешкім тұрғысы келмейді ғой. Ал басқа жарық, су сияқты мәселелер жоқ. Тіпті кейде қалада су болмай жатқанда бізде су болады. Жақында дене шынықтару сауықтыру орталығы ашылды. Мұнда тегін үйірмелер бар. Өзіңіз көріп тұрғандай, скандинавиялық жүріске осылай топ болып шығамыз. Адамдар ерінбейді, бізде осындай кешен ашылғанына қуаныштымыз,- деді тұрғын алап тұрғыны Жанат Серимова. 

DSC00130.JPG

Бас инспектордың сөзінше, отырғызылған ағаштарға күтім жасау тұрғындар көтерген өзекті мәселелердің бірі.

УРКЕР.JPG

Айғыржал көшесіндегі екіұшты кейс туралы бәріміз білеміз. Осы жылдың шілдесінде бұл алаң ауданның балансына көшті, сондықтан енді ағаштарды күтіп-баптау және суару уақытында жүргізіледі. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірге ағашты өтемдік отырғызу мәселесін пысықтаймыз. Биыл орталық Исатай батыр көшесі көгалдандырылды, онда бұрын жасыл желектер болмаған. Алдағы уақытта көше бойында 650 ағаш, яғни қарағаш пен алма ағашы және 1 626 дана ұсақ жапырақты қарағаш отырғызамыз. Келесі жылы тұрғын алаптың ішінде көгалдандыруды жалғастыруды жоспарлап отырмыз.  Қазіргі таңда 2 қоғамдық кеңістік бар,- деді Жарқын Айтжанов.

Сонымен қатар «Үркерде» көше жарығын жөндеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл 480 ЖКУ шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар, жыл соңына дейін шамдары бар 40 дана темірбетон тіректері орнатылады.

ОСВЕ.JPG

№12 қалалық емхана тұрғын алап тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Емхана басшылығының сөзінше, медициналық нысан 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. 

Біздің емханада 33 848 тұрғын тіркелген. Оның ішінде 0-14 жастағы балалар -11071, 15-17 жастағы жасөспірімдер-1264, 18 жастан асқан ересектер -21513, жүкті әйелдер - 323. Емхана бойынша барлығы 20 учаске бар. Емханамыз мамандармен 86 пайызға қамтылған. Сонымен қатар бізде күндізгі стационар және мамандандырылған көмек бөлімшесі жұмыс істейді,- деп жауап берді емхана басшылығы.

ЕМХАНА.JPG

«Үркер» тұрғын алабының тұрғындарын қоқысты шығару мәселесі мазалайды. Себебі көшенің көбінде қоқыс алаңдары абаттандырылмаған. Бас инспектордың мәліметінше, биыл тұрғын алапқа 160 қоқыс контейнері орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 70 контейнер алаңы абаттандырылмақ. Бас инспектор Жарқын Айтжанов тұрғын алапта алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс жоспарымен бөлісті. 

Биыл «Үркерде» 5 көшенің құрылысы аяқталды. 27 көшеде 45 000 м2 тротуар салынды. 2024 жылы 17 көшеде жаяу жүргіншілер жолының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмысты азайту мақсатында тұрғындардың өтініші бойынша 66 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сондай-ақ, көлік ағыны мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін келесі жылы қозғалыс қарқынды 8 бағдаршам нысанын орнату жоспарлануда,- деді Жарқын Айтжанов.

DSC00124.JPG

Бүтін бір тұрғын алаптың әлеуметтік-экономикалық жаңғыруын жаза беруге болады. Тұрғындар үшін атқарылған жұмыс бірден көрініп тұратыны анық. Алдағы уақытта «Үркер» тұрғын алабының дамуы әлі де жүйелі түрде жалғаса бермек. 

Барлық жаңалықтар