00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Наурыз мейрамы: Елорданың барлық ауданында мерекелік концерттер өтіп жатыр

наурыз концерт
фото: gov.kz

Бүгін елорданың бес ауданындағы тұрғын алаптарда Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерттер басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мерекесі аясында елордада 200-ге жуық іс-шара өтіп жатыр. Қала тұрғындары концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша спорт жарыстарына, халықтық мерекелерге  қатыса алады.

21-22 наурыз күндері 5 ауданда тұрғындар үшін шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарламалар әзірленіп отыр. Сонымен қатар, спорттық ойындар мен арнайы тақырыптарға негізделген фотоаймақтар ұйымдастырылуда.

Байқоңыр ауданы бойынша ашық аспан астындағы іс-шаралар мына орындарда өтпек:

- 21 наурыз күні сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін Қазқалашықтағы №55 мектеп аумағында;
- 21 наурыз күні сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін Жезкиік көшесі, 19 мекенжайындағы орталық алаңда;
- 21 наурыз күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Кеншілер көшесі, 5 мекенжайындағы орталық алаңда;

- 21 наурыз күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Қоянды саяжай алабында;
- 22 наурыз күні сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін Өндіріс тұрғын алабында, Ақбидай көшесі, 6;
- 22 наурыз күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Кирпичный тұрғын алабында, Жолымбет пен Чехоев көшелерінің қиылысындағы орталық алаңда.

Есіл ауданы бойынша мерекелік бағдарлама Пригородный тұрғын алабындағы Арнасай көшесі, 127 мекенжайында орналасқан N24 орта мектебінде өтіп жатыр.

Сонымен қатар қонақтар арасында арқан тарту, асық ату, қол күрес, гір көтеру секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтпек.

Нұра ауданында концерт бүгін Үркер тұрғын алабындағы Айғыржал көшесінде орналасқан гүлзарда ұйымдастырылады.

Сарыарқа ауданы бойынша мына орындар белгіленді:

- 21-22 наурыз – Көктал саябағы, С.Бейбарыс көшесі;
- 22 наурыз – Қорғалжын саябағы, Құсмұрын көшесі, 2;
- 22 наурыз – Оқжетпес сквері, Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысы.

Алматы ауданында Интернациональный, Мичурино, Железнодорожный, Өнеркәсіп, Күйгенжар тұрғын алаптарында мерекелік концерт өтіп жатыр.

Сонымен қатар, елордада еріктілер ыстық шай мен бауырсақ тарату бойынша акциялар өткізеді, олар қар күреуге көмек көрсетеді, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға азық-түлік себеттерін тасымалдайды. 

Айта кетейік, елордада Игі істер марафоны да өтіп жатыр. Акцияның басты мақсаты еріктілер мен өзге де тұрғындардың мұқтаж азаматтарға барынша көмек көрсету мүмкіндігін беру. Игі шара аясында 1000-нан астам азық-түлік жиынтығы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, көпбалалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және толық емес отбасылар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарына таратылды

Барлық жаңалықтар