00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Министр елорда тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

21.12.2023 | 14:00
42
Фото: дереккөз

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда тұрғындары жұмысқа орналасу, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті, қосымша білім беру, педагог кадрларды даярлау және олардың сапасын арттыру мәселелері туралы айтты.

Ғани Бейсембаев барлық өтініштерге толық түсініктеме берді. Мұқият зерделеуді қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, Ғани Бейсембаев жыл басынан бері барлығы 300-ден астам азаматты жеке қабылдады. Мұндай кездесулер өңірлер мен Астанадағы азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында, сондай-ақ AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауларында да өткізіліп тұрады.

Барлық жаңалықтар