00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Мектепке шабуыл жасалады»: Астаналық полиция желідегі хабарламаға қатысты мәлімдеме жасады

19.04.2024 | 10:02
59
«Мектепке шабуыл жасалады»: Астаналық полиция желідегі хабарламаға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Telegram-арнада елорданың бірнеше мектебіне шабуыл жасалып, адамдар өлтірілетіні туралы хабарлама тараған. Астана қаласы Полиция департаменті осы фактіге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Кеше жаңадан ашылған Telegram-арнада елорданың бірнеше мектебіне шабуыл жасалатыны және «неғұрлым көп адам шығыны болғанын қалайтыны» туралы жазба жарияланды.

Қалалық Полиция департаменті мұның шындыққа жанаспайтынын және азаматтарды тек ресми ақпараттарға сенуге шақырды.

Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 5 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске саламыз, – деп атап өтті полиция.

Барлық жаңалықтар