00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл»: Астанада ашық аспан астында фестиваль өтті

19.05.2023 | 15:30
52
Фото: дереккөз

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» тақырыбындағы Open Air фестивалі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Мәдениет мен өнер адамдарын, кітапхана саласында қажырлы қызмет жасап жүрген мамандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, баспагерлер, қолөнер шеберлері, оқырмандар, еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық кітапханашы қатысты. 

52d4dace-3729-49ef-81a9-e6d814e7c477.jpg

ca8e6ba0-4aba-46f8-ad9b-517d8e3be582.jpg

Іс-шараны 100 оқырман «Кітапханаға жол» флэшмобымен бастап, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өңірлерден келген үздік кітапхана қызметкерлері мен ардагер кітапханашыларды Мәдениет саласының жоғары наградаларымен марапаттады.

e38d41f3-7141-4e6f-aff1-597d46a17674.jpg

29cbb688-913b-4da9-948a-d088394436e2.jpg

Бағдарлама барысында жиналғандар «BOOKS-TOP» яғни, кітапхана мен баспагерлердің кездесуі негізінде «Фолиант», «Мұқаба», «Mazmundama», «Отбасы хрестоматиясы», «Абай», «Эльдорадо», «Астанакітап» сынды баспалардың көрме-жәрмеңкесін, антикварлық, қолтаңбалар және жаңа кітаптар көрмесін, Art-шеберлік сағаттарын, балалар павильонында  интерактивті алаң, түрлі кездесулер мен театрландырылған қойылымдар тамашалады. Шара аясында жазушылар, журналистер, редакторлар мен кинорежиссерлер қатысқан «Кітап оқу – жетістік трамплині» атты NetWorking ұйымдастырылды. 

5653f48d-7738-4bfa-b570-ff651729e2f4.jpg

Өңірлерден келген кітапханашылар тәжірибелік кейстерімен бөлісіп, ашық диалогта жазушы-баспагерлер ұлттық құндылықтарды арттырудың заманауи тәсілдерімен ортаға салды. Сонымен қатар, тәжірибелі тренерлер кітапханалық медиа жобалар, медиасауаттылық, мобилография және SMM-технологиялары, Tik Tok контенттерін әзірлеу сынды өзекті тақырыптарды талдап, талқылады.  

Іс-шараның қорытындысы ретінде кітапханашыларға ҚР Ұлттық кітапханасының атынан арнайы төсбелгілер мен «Оқитын өңір» сертификаты табысталды. 

Барлық жаңалықтар