00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Келер жылы 300 мыңға жуық астаналық газбен қамтылады

18.07.2023 | 12:30
30

Бұл туралы брифингте Астана қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов айтты, деп хабарлады Elorda.info

Астанада газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген.

2021 жылы 1-кезектің құрылысы, сондай-ақ ішінара газдандырудың 2-кезегі бойынша жұмыстар аяқталды.

Жұмыстың қалған 2 және 3-кезектері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 2022-2024 жылдарға жоспарланған.

Бүгінгі таңда Көктал-1 және 2, Агроқалашық, Теміржолшылар, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс оң және сол жақтары, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарында, сондай-ақ Потанин – Мәскеу көшесі, «Нұр-Бесік», «Ақбидай», «Қазақ ауылы» шағын аудандарында тұтынушыларды қосу толық қамтамасыз етілген, - деді М.Есмағұлов.

3fb4ca92-ccdc-434c-a541-aded9e853ec5.jpg

Газға 200 мыңға жуық тұрғыны бар 12 мың абонент қол жеткізді. Сондай-ақ 8 429 жеке, 1 газоблокты бұйымдар шығаратын зауыт, сондай-ақ 8 КТК қосылды.

Газ желілеріне қосылу құнын төмендету мақсатында әкімдікпен мынадай шаралар көзделген:

- Құны 100-ден 160 мың теңгеге дейін болатын халыққа есепке алу аспаптарын тегін беру;

- Халық банкімен бірлесіп 18 айға дейін бөліп төлеумен 750 мың сомада халыққа пайызсыз кредит беру бағдарламасы іске қосылды; 

- Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (жасы бойынша зейнеткерлер; мүгедектер, мүгедек балалар; көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар) үйлерді газға қосу бойынша 130 АЕК немесе  448 500 теңге мөлшерінде өтемақы төленеді.

Сондай-ақ ЖЭО-1-де және ЖЭО-2-де 16 қазандық газға ауыстырылды. 

17 әлеуметтік объект қосылған. Қалған 3 әлеуметтік объект бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда қала бойынша 9 067-ден астам техникалық шарт беріліп, 20 мыңнан астам адамға кеңес берілді. 

Айта кетейік, биыл аудандық «Тұран», «Тельман» қазандықтарына және «Ильинка», «Тельман», «Пригородный», «Family Village», «Өндіріс» т/а-на газ жеткізу желілерінің құрылысы жүргізілуде. 80 км жоғары қысымды газбен жабдықтау желілері салынды.

Осылайша, 2024 жылы 300 мыңға жуық халық газға қолжетімділікпен қамтамасыз етілетін болады. 

Жалпы тұрғын алаптарын газдандыру және энергия көздерін газға көшіру шығарындыларды жылына 40 мың тоннаға азайтуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ газ баллондарын пайдалануға байланысты төтенше жағдайларды азайтады.

Барлық жаңалықтар