00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

IKOMEK орталығына жол сапасына қатысты қанша арыз-шағым түскен

18.04.2023 | 16:43
40
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жыл басынан бері IKOMEK байланыс орталығына елордадағы жол сапасына қатысты 8 492 арыз-шағым түскен, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылдың басынан бастап жол инфрақұрылымына қатысты 8 492 өтініш келіп түскен. Оның 64%-ы, яғни 5 461 өтініш құзыретті мекемелер тарапынан қарастырылды.

Жол сапасына қатысты 2 551 өтініштің дені жолдардың тозуы, терең шұңқырлардың пайда болуы, сондай-ақ асфальт төселмеген жолдарға қатысты, - деп жауап берді IKOMEK байланыс орталығы Elorda.info тілшісі жолдаған сауалға. 

Оқи отырыңыз: Астана жолдарының сапасы неге сын көтермейді

Байланыс орталығының хабарлауынша, орталық, орамішілік, қала маңындағы тұрғын үй алаптарының жолдарына қатысты да арыз-шағымдар аз емес. 

Мысалы, Есіл ауданының Тұран, Қабанбай батыр, Ұлы дала даңғылдары, Бұқар жырау, Әбікен Бектұров, Әлихан Бөкейхан, Сығанақ, Қайым Мұхамедханов, Шыңғыс Айтматов, Әнет баба көшелері бойынша;

Сарыарқа ауданының Кенжебек Күмісбеков, Ықылас Дүкенұлы, Сәкен Сейфуллин, Бөгенбай батыр, Республика даңғылдары бойынша;

Алматы ауданының Шәкәрім Құдайбердіұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Тәуелсіздік, Абылай хан даңғылдары, Ахмет Байтұрсынұлы, Қайрат Рысқұлбеков көшелері бойынша;

Байқоңыр ауданының Әл-Фараби, Абай даңғылы, Жаңажол, Шоқан Уәлиханов, Александр Пушкин, Жәнібек Тархан, Кенесары, Малахов, Ахмет Жұбанов көшелері бойынша.

Барлық жаңалықтар