00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Есіл өзенінің жағалауында жаңа қоғамдық кеңістік ашылады

01.07.2023 | 15:30
39

Сарыарқа ауданында Есіл өзенінің жағалауымен, Ш.Бейсекова көшесінен Көктал тұрғын алабына қарай жаңа қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Инфрақұрылымдық жағдайларды жақсарту мақсатында тұрғындар үшін жеке инвестициялар есебінен жаңа қоғамдық кеңістік салынуда. Жоба құрылысы 2 кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңнің абаттандыру жұмыстарын шілде айында аяқтау жоспарланған. Аумақта амфитеатр, спорт алаңдары, серуендеу аймақтары жайластырылады. Қосымша әр жастағы балаларға арналған ойын алаңдары болады, - деп аудан әкімдігінде атап өтті.

Абаттандырудың жалпы ауданы 0,96 га құрайды. Кеңістікті салу кезінде іргелес аумақтарды көгалдандыру қажеттілігі, қала тұрғындарына барлық инфрақұрылымды ыңғайлы пайдалану үшін жайлы және кедергісіз орта құру ескеріледі. Бұл учаскеде шамамен 185 ағаш және 200 көпжылдық бұта отырғызу жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар