00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордалық зейнеткерлер Амал күнін атап өтті

14.03.2024 | 12:05
66

Мерекені ұйымдастырушылар іс-шараны «Амал» мерекесінің шығу тарихымен таныстырудан бастап, көрермендерге бейнематериал ұсынды.

WhatsApp Image 2024-03-14 at 16.29.02.jpeg

Мәдени шарада «Шаңырақ» этно-мәдени ансаблінің өнерлі әжелері «Бүлдірген», «Бипыл» әндерін орындаса, «Гаухартас» би тобының апалары «Қамажай» биін биледі. 

WhatsApp Image 2024-03-14 at 16.29.02 (2).jpeg

Көрісу викториналық жарыстармен жалғасты. Өнерлі ата-әжелер әзіл аралас сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтел, жұмбақ айтып, дәстүрлі ән айтудан сынға түсті.

WhatsApp Image 2024-03-14 at 16.29.02 (1).jpeg

Көрісу күні жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, зейнеткерлерге ұлттық тағам түрлері де тарту етілді.  Кеш соңында Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Кенжеболат Бапишев жиналғандарға алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.

Барлық жаңалықтар