00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордалық ұландар жоғалған баланы жақындарына қайтарды

03.01.2024 | 03:00
41
Фото: дереккөз

1 қаңтарда сағат 17:15 шамасында Нұра ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде саябақтардың бірінде кішкентай баланы көреді.

Әскери жасақ бастығы-қатардағы жауынгер Айдын Мәдениетов пен патрульші-қатардағы жауынгер Дінмұхаммед Қуанған бұл факт туралы патрульдік топ бастығына баяндап, жақын маңдағы нарядтарды хабардар етеді. 

Аз уақыттан кейін сарбаздар баланың анасын тауып, оны ата-анасына қайтарды.

Қуанышты ана әскерилерге қызмет сәттілік тілеп, жауаптылығы мен жеделдігі үшін алғысын айтты.

Екінші оқиға кешкі сағат 23:45-те болды, мерекелік шыршаның жанындағы патрульдік маршруттағы бұл әскери жасақ 15 Pro IPhone моделін тапты.

Бұл туралы басшылыққа хабарланды.

Біз іздеуді бастағаннан кейін смартфонға телефон иесінен қоңырау түсті. Кейін ол табылған жерге келді. Әңгіме барысында біз смартфонның осы жас жігітке тиесілі екеніне көз жеткіздік, - дейді қатардағы жауынгер А.Мәдениетов.

Осыдан кейін жас жігіт сарбаздарға қырағы және адал қызмет еткені үшін алғыс айтты.

Барлық жаңалықтар