00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада жыл басынан бері 445 өрт тіркелді

03.10.2023 | 06:30
35
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде мамандар тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелері туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info

Брифингте Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Ержан Балабеков, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалының газбен жабдықтау және өткізу қызметінің бастығы Мұрат Бектібаев болды. 

Тұрмыстық газдың шығуы улануға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін. 

«Жылу беру маусымына дайындық аясында Астана қаласы ТЖД өкілдерімен бірлесіп «Көктал-2» және «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабында бірлескен рейдтер өткізді. Азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелері мен тұрмыстық газ аспаптарымен қауіпсіз жұмыс істеудің негізгі ережелері еске салынды. Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға газ жабдықтарын пайдалану бойынша ұсыныстар мен жадынамалар таратылды, - дейді Е.Балабеков. 

Айта кетерлігі, жарылыс немесе өртке себеп болған газ жабдықтарын пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін сақтамау іс барысындағы заң бойынша жауапкершілікке тартуға негіз болады.

Сондықтан тұрғындар газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде газдан ажырату автоматикасымен табиғи және тұншықтырғыш газдың шығуын сезетін сигнал берушілерді орнату керек.

Тұншықтырғыш газбен улану белгілері – 0,08% жеңіл бас ауру, тұншығу, бас айналу, кеуденің ауруы, құрғақ жөтел, жүректің айнуы, құсу, түрлі елестер, қан қысымының көтерілуі, 0,32% дейін ауырлық қозғалудың қиындауы, естен тану, 1,2% ауа жұтқаннан кейін естен тану, сіңірдің тартылуы, тыныс алудың бұзылуы (адам 3 минутқа жетпей көз жұмады). 

Пәтерде газдың иісі сезілсе, жедел түрде барлық газ крандарын жауып, бөлмені желдетіп, ашық отты, электр құралдарын пайдаланбаған жөн. Төтенше жағдайда дәрігер келгенге дейін  жеңіл уланған сәтте мүсәтір спиртін иіскетіп, кофе немесе қызыл шай ішкізу керек. Далаға шығарып, еркін тыныс алуға кедергі келтіретін киімді шешіп, жайлы жерге жатқызған дұрыс. Қажет болса қолдан дем алдыру қажет.

Жыл басынан бері 445 өрт тіркелді, онда 7 адам өрттен опат болды, 27 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Азаматтық қорғау органдарының бақылауынан тыс объектілерде өрттердің ең көп саны әлі де орын алуда, олардың негізгілері тұрғын үй секторы – 176 жағдай, көлік құралдары – 151, жаңадан салынып жатқан объектілер – 22 өрт, бұл барлық тіркелген өрттердің 78%-ын құрады, - деді Е.Отарғалымұлы.

Айта кетейік, ведомстволық есепке сәйкес, елорданың тұрғын үй қорында барлығы 3 309 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 895-і жоғары қабатты үйлер (10 қабат және одан жоғары), 83-і шағын отбасылық жатақханалар.

Барлық жаңалықтар