00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада «Жас сарбаз» қозғалысында сегіз мыңға жуық бала тәрбиеленеді

20.09.2023 | 06:00
42
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елорда жастарына әскери-патриоттық тәрбие беру туралы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Елімізде Тұңғыш Президенттің бастамасымен 2018 жылы «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» құрылды. 

Қазіргі таңда барлық өңірлерде қозғалыстың филиалдары бар.

«Жас сарбаз» Астана қаласының оқушылары мен студенттері арасында танымал қозғалыс. Елордада сегіз мыңға жуық бала тәрбиеленеді. 

Жастар саясаты мәселелері басқармасы жыл сайын «Жас сарбаз» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізеді. Жоба патриоттық және тәрбиелік шаралар кешенінен тұрады.

Өткен жылы жастар арасында спортты насихаттау және ерік-жігерді тәрбиелеу мақсатында орта арнаулы оқу орындары арасында жеңіл атлетикадан марафон өткізілді. Оқушылардың шығармашылық дамуы, дарындыларды анықтау мақсатында әскери-патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Ауған соғысы ардагерлерімен және Халық қаһармандарымен тағылымға толы кездесу өтті, - дейді Қ.Қамбаров.

«Жас сарбаз» қатарында волонтерлік қызметті дамыту мақсатында қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады. Жыл сайын «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері арасында 3 күндік әскери-патриоттық жиын өткізіледі.

Сонымен қатар, қалалық жиындарда астаналық жассарбаздықтар арасынан «Айбын» республикалық әскери-патриоттық далалық жиынына қатысушыларды іріктеу жүргізіледі. 

Биыл 17-23 шілде аралығында Қарағанды облысындағы Спасск оқу орталығында республикалық «Айбын» жастар слеті өтті.

Сайыс бағдарламасына «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны мен «Күшіміз бірлікте» әскери-далалық ойыны, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы және «Smart Sarbaz» робототехника байқауы кірді.

Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар