00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада туристік сала өкілдері марапатталды

26.12.2023 | 09:30
37
Фото: дереккөз

Іс-шараға туристік бизнес, мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар, журналистер, еңбек сіңірген ардагерлер мен осы саланың қызметкерлері қатысты.

Жиында Туризм және спорт министрі туристік сала өкілдеріне естелік сыйлықтарын табыстап, құттықтау сөз сөйледі.

Бүгінгі салтанатты жиында турбизнес өкілдерімен, сала ардагерлерімен, әріптестермен және барлық мүдделі тараптармен көріскеніме қуаныштымын. Сіздердің әрқайсыңыз саланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосып келесіздер. Бүгінде саланың дамуына бар күш-жігерін салып жүрген біздің серіктестерімізге, инвесторларға, мемлекеттік орган өкілдеріне алғыс білдіргім келеді. Осы жыл жемісті өтті, белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда саланың негізгі көрсеткіштері бойынша өсім байқалады. Басым аумақтардың тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді. Осылайша, әр аймақта өсудің ең перспективалы нүктелері анықталды. Турбизнес өкілдерін осы туристік дестинацияларды дамытуға белсенді қатысуға шақырамын, - деді Ермек Маржықпаев.

Барлық жаңалықтар