00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада тағы үш мектеп ашылады

06.01.2024 | 09:56
31
Фото: jenis_qasymbek

Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

жк.jpg

Елордада үшінші тоқсаннан бастап тағы үш мектеп ашамыз. Бұл мектептер – Тұран даңғылы мен №24 көшеде 2400 оқушыға арналған (2 ауысымды), №5 мектеп аумағында 1200 орынға арналған жаңа ғимарат (2 ауысымды), Тұран даңғылында орналасқан Зерде дарынды балаларға арналған мектеп (Барыс аренасының артқы жағы).

Осылайша, оқу жылының басынан бастап 11 мектеп салдық. Қазіргі оқу жылының соңына дейін тағы 4 мектеп ашамыз. Бүгін қаланы аралау барысында олардың құрылысымен таныстым. Оқу орындарын сапалы және уақытында салуды тапсырдым, - деп жазды Жеңіс Қасымбек. 

жккк.jpg

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылады.

Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған жаңа форматтағы 24 мектеп саламыз. Мәселен, олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл мен Нұра аудандарында орналасатын болады.

2027-2028 жылдарға дейін бас-аяғы 200 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 80-нен аса мектеп салуды жоспарлап отырмыз, - деді Астана қаласы әкімі. 

Барлық жаңалықтар