00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада шахматтан халықаралық фестиваль өтеді

15.06.2023 | 11:00
37
Фото: toppress.kz

Елордада 10-19 шілде аралығында «ASTANA ZHULDYZDARY» халықаралық шахмат фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан шахмат федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Астанада 10 күн бойы халықаралық гроссмейстерлер, шеберлер, танымал шахматшылар мен әлемнің түрлі елдерінен шахмат әйесқойлары бас қосады, - делінген хабарламада.

Жүлде қоры 40 млн теңгені құрайды.

Фестиваль аясында 4 турнир өтеді:

- А турнирі – рейтингі 1800 және одан жоғары;

- В турнирі – рейтинг 1799 және одан төмен;

- С турнирі – 16 жасқа дейінгі балалар арасында;

- D турнирі – блиц-турнир.

Сондай-ақ Юнисеф дәрістері, шеберлік-сабақтар, ойындар, экскурсия және тағы басқасы жоспарланған.

Тіркеу 20 маусымға дейін жүреді. Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран көшесі, 44, Конгресс центр.

Барлық жаңалықтар