00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада Роза Бағланова атындағы № 2 Балалар музыкалық мектебінің қорытынды концерті өтті

11.05.2023 | 18:30
65
фото: Василий Крась

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Роза Бағланова атындағы № 2 Балалар музыкалық мектебі мен Қазақстан композиторлар Одағымен бірлескен «Дала думаны» атты есептік концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Концертте жас музыканттар тыңдаушыларға заманауи қазақ музыкасының қаншалықты қызықты және алуан түрлі екенін, халық шығармашылығына деген сүйіспеншілікті, туған жерге деген патриотизмді жеткізді. 

WhatsApp Image 2023-05-11 at 17.18.04 (2).jpeg

WhatsApp Image 2023-05-11 at 17.18.03.jpeg

Есептік концертке қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардың 200-ден астам лауреаттары мен дипломанттары қатысты. «Балдәурен» қазақ халық аспаптар оркестрі, «Ел орда» камералық ансамблі, «Назқоңыр» дәстүрлі ән айтушылар ансамблі, скрипкашылар, домбырашылар, саксофоншылар, вокалистер, флейташылар, жетігеншілер, сырнайшылар, гитаристер ансамбльдері  шығармашылық өнерлерімен көпшілікті қуантты. «Жас музыкант-2023» республикалық байқауының жеңімпазы Бас жүлде иегері - «Fresco» хор ұжымы мен «Муз Әлем» - мектеп жасына дейінгі балалар хоры өз өнерлерін көрсетті. Концерт соңында Әліби  Әбдінұровтың «Мектеп әнұраны» шырқалды.

WhatsApp Image 2023-05-11 at 17.18.04 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-05-11 at 17.18.03 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-05-11 at 17.18.03 (2).jpeg

Есептік концерт мектептің шығармашылық өміріндегі маңызды мәдени оқиғаның әдемі қорытындысы болды.  Оқу жылы бойы оқушылар мен оқытушылар композиторлармен үнемі кездесулер өткізіп отырды. Сабақтарға қатысып, жас орындаушыларды өздерінің музыкалық шығармаларының тарихымен таныстырды. 

Барлық жаңалықтар