00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023» І қалалық робототехника фестивалінің жеңімпаздары анықталды

13.05.2023 | 20:00
73

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының  қолдауымен кеше Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023» І қалалық робототехника фестивалі өтті. Фестивальда елордалық 40 мектептен 75 команда сайысқа түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, робототехника салалары бойынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жас ақын Әлихан Серікзатұлы Мақсұттың ғибратты ғұмырын мектеп оқушыларына үлгі ете отырып,  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауларында айтылған елімізге қажетті болашақ техник мамандарды дайындауға қолдау көрсету, оқушылардың жасаған инновациялық жобаларын, өнертабыстарын БАҚ және әлеуметтік желі арқылы халыққа кеңінен насихаттау фестивальдің басты мақсаты болды.

Фестивальді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, «Роботек» робототехника мектебі және Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры бірлесіп ұйымдастырды. 

WhatsApp Image 2023-05-13 at 22.35.05.jpeg

 Шараның ашылу және жабылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының басшысы, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, өнер қайраткерлері, журналистер, блогерлер қатысты. 

Фестиваль белгілі кинорежиссер Мұрат Есжан түсірген «Әлиханның арманы» деректі фильмінің тұсаукесерімен ашылды. 

Фестивальдің «РобоСпорт» бағыты ЕҰУ «University sports centre» спорттық-сауықтыру кешенінде, «Шығармашылық жоба» бағыты «Күлтегін» атриумында өтті.

WhatsApp Image 2023-05-13 at 22.35.08.jpeg

Әрбір оқушы робототехника саласында жаңа белестерге жетіп, осы салада өзін көрсете алатын  зор мүмкіншілік алды. 

 

Барлық жаңалықтар