00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада қоғамдық көліктердің жұмысы жақсартылды

14.11.2023 | 08:30
38
Фото: CTS

Астанада қоғамдық көлікті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Автопарктер жаңа автобустар сатып алуда, CTS қызметкерлері жаңа бағыттарды пысықтауда. 

Қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту мәселелері бойынша тұрғындармен 80-нен астам кездесу өтті. 26 бағдардың қозғалыс сызбасы оңтайландырылып, халыққа ыңғайлы болу үшін алты №27, 49, 57, 66, 328, 329 жаңа бағдар іске қосылды. Желіге 190 жаңа автобус жіберілді. 35 бағдарда кестелер саны көбейтіліп, 86 автобус қосылды. Жазғы уақытта ғана жүретін №59 саяжай бағдары енді жыл бойы жүретін болып өзгертілді, - делінген Сity Transportation Systems хабарламасында

Төлем жүйесін оффлайн режимнен онлайнға ауыстыру жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр. Төлемнің түскенін бір тәулік күтіп, оны белсендіруді күтпей, көлік картасын лезде толтырып, бірден пайдалана алатын мүмкіндік болады. Сондай-ақ, жолақысын төлеудің басқа да ыңғайлы тәсілдері қосылады. Бұдан басқа, атаулы емес көлік карталарының қолданылу мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды. 

Барлық жаңалықтар