00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада музыкалық колледждер арасында республикалық конкурс басталды

22.04.2024 | 19:13
Торғын Аман
67
фото: Elorda.info

Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университетінде Музыкалық колледждер арасындағы 45-ші республикалық орындаушылар конкурсы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл аталған шарада еліміздің барлық өңірінен келген 400 қатысушы бақ сынайды.

Бүгінгі таңда еліміздің өнер саласында өзіндік орны бар, көпке танымал тұлғалардың біразы осы конкурста танылып, шығармашылығын бастағанын болатын. Яғни бұл конкурстың берері көп деп санаймын.  Қатысушылардың қатары да жыл сайын артып келеді, олар таңдаған шығармалар да сан алуан. Қазылар алқасы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтап, өнер әлеміне жолдама береді. Қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді ҚазҰӨУ ректорының міндетін атқарушы Азамат Жылтыркөзов.

Республикалық орындаушылар конкурсы 2015 жылдан бері өткізіліп келе жатқан санаулы кәсіби конкурстардың бірі. Байқау жеңімпаздары 26 сәуірде анықталады.

Барлық жаңалықтар