00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада коммуналдық қызмет көрсету саласының қызметкерлері марапатталды

24.10.2023 | 07:28
34
фото: Василий Крась

Бүгін «Elorda Eco System» компаниясында Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Ұйымның үздік қызметкерлерін марапаттау рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов, еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев, екі салмақ дәрежесінде төрт әлемдік рекорд иегері Илья Ильин, Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, «Elorda Aqparat» ЖШС бас директоры Олжас Сыдықбек қатысты.

«Elorda Eco System» ұйымы елорда мен қала маңындағы елді мекендерде су бұру қызметтерін атқарады.

Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген жандарға алғыс айтамын. Бұл мереке халықты біріктіріп, ұлт рухын көтереді. Баршаңызға денсаулық, амандық және отбасылық бақыт тілеймін», - деді Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.

WhatsApp Image 2023-10-24 at 11.51.38 (3).jpeg

Салтанатты іс-шара Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Естай Мұқашевтің орындауындағы «Қазақ елі» әнімен басталды.

Құрметті «Elorda Eco System»  қызметкерлері, сіздерді Республика күнімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға денсаулық тілеймін. Еңбектеріңіз әрқашан лайықты марапатталсын, - деп атап өтті «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек.

Біздің компания нөсер кәрізін тазарту мен күтіп ұстау, жалпы қаланы таза ұстау жұмыстарын іске асырады. Бүгінгі іс-шара аясында біздің қызметкерлер грамота және алғыс хаттармен марапатталды. Әрқайсымыз риза болып, осы қуанышты жаңалықты жақындарымызбен бөлісуге дайынбыз, - деді EES заң бөлімінің қызметкері Үзілдік Дүйсеналинова. 

Айта кетейік, бүгін 200 қызметкер лайықты марапатқа ие болды.

Сабина Арыстан

Барлық жаңалықтар