00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада «Ертегілер елінде» қалалық байқауы өтті

26.01.2024 | 04:15
60
Фото: Білім басқармасынан

Байқауды Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен қалалық «Әдістемелік орталығы» және әдіскерлер қауымдастығы ұйымдастырды. 

Байқауда ертегілер, әртүрлі театрландырылған қойылым бойынша мектепалды топ балалары өнер көрсетті.

Әділқазылар алқасы байқау талаптарына сәйкес ертегілер мен қойылымдардың репертуардың жас ерекшелігіне сәйкестігін, сахна мәдениетін, шығармашылық ерекшелігін, көркем бейнені орындау мәнерлілігін және инновациялық әдістерді қолдануды бағалады.

421525772_18251161624209464_7312179349679543403_n.jpg

Байқау Астана қаласының 4 ауданында бір уақытта өтті.  

Есіл ауданындағы №54 «Нұр-Ай» балабақшасында 18 топ, Сарыарқа ауданындағы №2 «Батыр» балабақшасында 30 топ, Алматы ауданындағы №47 «Ақжелкен» балабақшасында 20 топ, Байқоңыр ауданындағы №1 «Бәйтерек» балабақшасында 12 топ қатысты.  

Байқау соңында жеңімпаз балабақшалар бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдармен, педагогтер мен тәрбиеленушілер сертификаттармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар