00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада бірқатар бағдарда автобус саны артты

23.11.2023 | 04:00
32
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында бүгіннен бастап №22, 35, 71 бағдарларының жұмыс күндері жүретін автобустар саны артты, деп хабарлады Elorda.info.

Нақтысында:

- №22 бағытта 3 автобусқа (9 бірліктен 12 бірлікке);

- №35 бағдарда 2 автобусқа (13 бірліктен 15 бірлікке);

- №71 бағдарда 2 автобусқа (16 бірліктен 18 бірлікке).

Бұл бағдарлардағы жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Құрметті жолаушылар, жолақысын төлеп жүрулеріңізді сұраймыз. Жол ақысын төлеу арқылы сіздер жолаушылар легін нақты есептеуге көмектесесіздер, ал біз сол көрсеткіш арқылы бағыттарды ұйымдастырамыз, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.

Барлық жаңалықтар