00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада бірқатар азамат «Астана қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды

03.07.2023 | 18:51
37

Елордалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен қаланың дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар еңбегі сіңген тұлғаларға депутаттардың бірауыздан шешімімен «Астана қаласының Құрметті азаматы» атағын беру мақұлданды, деп хабарлады Elorda.info Қалалық мәслихат төрағасының әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап. 

Нейрохирург - дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы , ҚР ҰҒА академигі Серік Қуандықұлы Ақшұлақов,Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экс депутаты Қайсар Оспанұлы Омаров және Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Николай Петрович құрметті атаққа ие болды. 

«Астана қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы мәселесіне депутаттар қолдау білдірді. Бұл шешім қаржылық жоспарлау мен қалалық ресурстарды басқарудың маңызды құралы, сондықтан оны жаңарту және ағымдағы жағдайларға бейімдеу қажетті қадам болып табылады.

Барлық жаңалықтар