00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада балалар арасында аула футболынан турнир өтеді

27.07.2023 | 09:00
23
фото: time.kz

Астанада балалар арасында аула футболынан ауқымды турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Чемпионатқа қаланың әрбір тұрғын үй кешенінің командалары қатыса алады. Аула футбол клубтар лигасы (АФКЛ) өткізетін чемпионат 5+1 форматында болады. Бұл ретте топ мүшелерінің саны 8 адамнан кем болмауы тиіс.

Турнир дөңгелек жүйе бойынша өтеді, яғни әр команда басқа командалармен кемінде 1 ойын өткізеді. Топтық кезеңнің жеңімпаздары ) және екінші орын алған үш команда play-off кезеңіне шығып, бірінші орын үшін ойнайды.

Жеңімпаздар мен жартылай финалистер естелік сыйлықтармен, дипломдармен, кубоктармен және т.б. марапатталады.

Қатысу үшін өтінім толтырып, аulaligasy@mail.ru поштасына жіберу қажет. Толық ақпаратты 8 701 445 48 48 нөмірі арқылы білуге болады. 

Өтінімдер 31 шілдеге дейін қабылданады.

Барлық жаңалықтар