00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада Astana Bike жүйесі іске қосылды

25.04.2023 | 11:30
39

Бүгін елордада Astana Bike автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылды. Әзірге қала бойынша 76 велостанса мен 600 велосипед қолжетімді, деп хабарлады Elorda.info.

Белсенді велостансаларды velobike.kz сайтынан көруге болады. Олар көк түспен боялады.

Велошеринг қызметтерін пайдалану үшін velobike.kz сайтында онлайн тіркелу қажет. Жүйеде 16 жасқан азаматтар тіркеле алады. Велопрокатқа абонементтерді velobike.kz сайтынан немесе CTS кассаларынан сатып алуға болады, - делінген хабарламада.

Естеріңізге саламыз, жаңа велосмаусым жаңа абонементтермен толықты. Енді, 30 минуттық тегін уақыт қарастырылған абонементтен бөлек 45 және 60 минут тегін уақыты бар абонементтер қолжетімді. Толық ақпаратты сайттан таба аласыз.

Велосипедтерді жалға беру жүйесі 24/7 режимінде қолжетімді.

Барлық жаңалықтар