00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада қарттардың мәселелері талқыланды

23.06.2023 | 12:00
34
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту мәселесі талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов аудандық ардагерлер кеңесі мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, әкімнің орынбасары зейнеткерлерге арналған іс-шаралар мен тегін қызметтер туралы айтты. 

ветераны 3.jpg

Жүйелі негізде ардагерлеріміздің қатысуымен мәдени-спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өткізіледі. Жыл басынан бері жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесімен бірлесіп мерекелік және атаулы күндерге қайырымдылық акциялары өткізіледі.  Әлеуметтік қолдау аясында елордада зейнеткерлер үшін қоғамдық көлікте тегін жол жүру қарастырылған. 3 мыңнан астам ардагер мен зейнеткер санаторий-курорттық емделуге жіберіліп, 110 мыңнан астам адам біржолғы төлем алды, - деді Есет Байкен.

ветераны 2.jpg

Дана Амангелді

Барлық жаңалықтар