00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елорда мектептерінде 2 млн теңгеден астам тиісті үстемақы төленбеген

04.10.2023 | 09:00
35
Фото: дереккөз

Астана қаласының прокуратурасы қала мектептерінің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.

Тексеріспен ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес педагогтар мен техникалық персоналға, сондай-ақ Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 2 млн теңгеден астам сомаға үстемеақы төлемеу фактілері анықталды, - делінген ведомство хабарламасында.

7 мектепте қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі үшін қаржыландыру көзделмеген және тиісті медициналық ұйымдармен шарттар жасалмаған.

Айта кетейік, қадағалау актісі бойынша мұғалімдердің конституциялық құқықтары қорғалды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Барлық жаңалықтар