00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елорда аумағында 64 авто-газ құю бекеті орналасқан

31.10.2023 | 06:00
47
фото: дереккөзден

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде авто-газ құю бекеттері мен кәсіпкерлік объектілердегі өрт қауіпсіздігі туралы Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ажар Рүстемова брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Елімізде соңғы жылдары қозғалтқыштары газбен жұмыс істейтін автокөліктердің саны едәуір өсті, сонымен бірге авто-газ құю бекеттерінің саны да артты,. Бұл күнде елорда аумағында 64 авто-газ құю бекеттері орналасқан.

Нысандарда өрт-жарылыс қауіпті газ қоспалары бар, яғни адамдардың қаза болуына және материалдық залалға әкеп соғуы мүмкін, өрттер мен түрлі төтенше жағдайлардың туындау қаупі артады. Мысал ретінде, ағымдағы жылғы 3 қазанда Петропавл қаласында АГҚС өрт болды, оның барысында 1 адам зардап шекті.  Мұндай өрттердің негізгі себептері - газ модульдері жабдықтарының дұрыс жұмыс істемеуі, АГҚС цистерналарына құюдың технологиялық процесінің бұзылуы,- деді Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ажар Рүстемова.

Осыған байланысты, Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы АГҚС басшыларына жанармай құю станцияларының аумағын жанғыш қоқыстардан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан, мамықтан және төгілген мұнай өнімдерінен уақтылы тазартуды ұсынады. Модульдік автогаз құю станцияларын ЖМҚС аумақтарында орналастыру кезінде «өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде көрсетілген талаптарға сәйкес өртке қарсы қашықтықты сақтау қажет.

АГҚС-да өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ҚР Кәсіпкерлік кодексі шеңберінде іске асырылуда. Есепті кезеңде анықталған бұзушылықтар бойынша жою мерзімдері бар нұсқамалар беріле отырып, 3 АГҚС-қа мемлекеттік бақылау жүргізілді. Мораторийдің қолданылуына байланысты АГҚС-тың көп бөлігі бақылауға алынбады. Осыған байланысты біз үгіт-насихат жұмыстарын ауқымды жүргізіп жатырмыз. Осы ұйымдар басшыларының өз ұйымдарының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделілігі және осы бағыттағы белсенді жұмысы бөлігіндегі кері байланысы қуантады. Мысалы, қыркүйек айында 32 АГҚС қамтылған «Қауіпсіз жанармай құю» 5 акциясы өткізілді, оның барысында өрт қауіпсіздігі нормалары қызметкерлерге де, автокөлік иелеріне де түсіндірілді. Қазір жанармай құю станцияларының аумақтарында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы ақпараттық жадынамалар (стендтер) белсенді орналастырылуда,- деді спикер. 

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау елорданың барлық нысандарында жүзеге асырылады. 24 791 нысан есепке алынды, оның ішінде 23 626  нысан жеке бизнес субъектілері болып табылады (95 %). Қолданыстағы заңнаманы және мораторийдің қолданылуын ескере отырып, 313 жеке бизнес нысаны бақылаумен қамтылды, онда 2 435 өрт қауіпсіздігін бұзу анықталды. Жаңа реттеуші саясатты ескере отырып, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылмады, бірақ жою мерзімдері бар нұсқамалар берілді.

Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар бере отырып, бизнес субъектілері арасында үгіт-профилактикалық жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП-мен жасалған меморандум шеңберінде палата базасында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бөлігінде де, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде де нормаларды жеткізумен және түсіндірумен онлайн-кездесулер өткізді.

Барлық жаңалықтар