00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елімізде қанша ұялы байланыс абоненті бар

19.04.2023 | 17:30
44
Фото: ашық дереккөзден

2023 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша елімізде 24,6 млн ұялы байланыс абоненті бар. Оларға үш оператор қызмет көрсетеді. Мобильді байланыс нарығының дамуы жоғары қарқын сақтап отыр, деп Elorda.info finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Елдегі барлық мобильді операторлар өз абоненттеріне ғана емес, кез келген адамға да қаржы өнімдерін ұсынып отыр. Олардың ішінде төлем мен ақша аударымдары кең таралған. Мобильді операторлардың сервистері арқылы коммуналдық қызметтерді төлеуге, ақша аударымдарын жіберуге және ақша шешіп алуға болады. Жыл өткен сайын мобильді төлемдердің көлемі артып келеді. Бұл осы қызмет түріне сұраныстың жоғары екенін білдірсе керек. Мысалы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Интернет арқылы тауарлар мен қызмет түрлерін төлеуге жүргізілген барлық төлемдердің жалпы санындағы мобильді төлемдердің үлесі 29,8%-ды құрады.

Мобильді төлемдер елдің барлық өңірінде белсенді қолданылып келеді. Ең жоғары нәтижелер Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында байқалып отыр. Бұл өңірлерде мұндай төлемдердің үлесі 50%-дан асады. Мобильді төлемдер көлемі бойынша көшбасшылар қатарына еліміздің Алматы және Астана қалалары да кіреді.

Барлық жаңалықтар