00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Cyber Sport Festival: Елордада киберспорттан республикалық турнир өтеді

12.10.2023 | 10:30
31
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елімізде киберспорттың дамуы туралы «Esports Central Asia» ЖШС бас директоры Данияр Батырбай мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

29 қазан күні сағат 12.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Astana Cyber Sport Festival-ы өтеді. Beske Bes деп аталатын фестиваль Астана қаласы әкімдігінің қолдаумен үш кезең яғни, Dota 2 және CS2 (Counter-Strike2) бағыттары бойынша өтеді. 

Турнирдің үздігін анықтау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен командалар бас қосады. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілік қолдау арқылы марапатталады. Сондай-ақ, жарыс барысында көрермендер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. 

Киберспорт 2018 жылдың 25 маусымынан бастап Қазақстанда ресми спорт түрі болып танылды. Өзіндік миллиондаған аудиториясы бар, коммерциялық тұрғыда әлеуетті спорт түрі. Киберспортпен кәсіби айналысатындар оны ақыл-ой мен ұшқырлықтың ойыны деп атайды. Тіпті, киберспорт күні жақында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарының негізгі бағдарламасына енгізілген, - дейді Данияр Батырбай. 

Турнир аясында 30 млн теңге көлемінде рекордтық жүлде қоры ойнатылады. Сонымен қатар, көрермендер арасында кездейсоқ түрде тәуелсіз сарапшылардың бақылауымен JAC js4 автокөлігі және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Турнирдің мақсаты киберспорт саласындағы келешегі бар ойыншыларды анықтау және халықаралық чемпионаттарға одан әрі ілгерілету болмақ. Қазақстанның кез келген азаматы еліміздің кез келген жерінен тіркеліп, турнирге қатысушы бола алады, - дейді Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Е.Корбозов.

Ойыншылар өз бетінше немесе Қазақстандағы кез келген компьютерлік клубтардың атынан тіркелуге өтініш бере алады. Клубтан өтінім берген жағдайда жеңімпаз команданы ұсынған компьютерлік клуб 2 миллион теңге мен бағалы сыйлықтарға ие бола алады.

Жартылай финалистер мен финалистерге «Жекпе-жек» сарайында өтетін финалдық ойындарға қатысу үшін ұшу және Астана қаласында тұру ақысы төленеді.

Барлық жаңалықтар