00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Бизнес-идеяларға арналған гранттарға өтінім қабылдау басталды

07.08.2023 | 13:22
32
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу үшін өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада шағын бизнес субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін конкурстық негізде бес миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант бөлінеді.

Конкурсқа 3 жылға дейінгі ЖК және экономиканың басым секторлары аясында қызметін жүзеге асыратын республикалық тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Құжаттар Kezekte.kz платформасында онлайн режимінде қабылданады.

Өтінім беру үшін мыналарды ұсыну қажет:

1) өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;
2) ескіру мерзімі 3 жылдан аспайтын «Бизнес бастау» сертификаты;
3) грант сомасының кемінде 20%-ы бар банктен үзінді көшірме;
4) дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама.

Өтінімдер 2023 жылғы 7-16 тамызды қоса алғанда қабылданады.

Қосымша ақпаратты Астана Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сайтынан немесе мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады: +7 (7172) 55-69-21; +7 (7172) 55-69-03; +7 (7172) 55-69-10.

Барлық жаңалықтар