00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Биыл елордада ұзаққа созылған 10 үйдің құрылысы аяқталады

09.01.2024 | 04:00
40

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

«Араби 2 - Гранитный 2», «Арыстан, 4-блок», «Future home» секілді ұзаққа созылған нысандардың құрылыс барысымен таныстым. Бұл тұрғын үй кешендерінің құрылысының басталғанына 12 жылға жуық болды.
Мысалы, «Араби 2 - Гранитный 2» тұрғын үй кешені 2013 жылы проблемалы деп танылған. Мұнда 200-ге жуық отбасы баспанасын күтіп жүр. «Future home» тұрғын үй кешенінің құрылысы да 2013 жылы басталған. Нысанды ЕҚК-ге беру кезінде 4 және 7 қабаттар ғана салынған.
Құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осыған дейін мемлекеттің қолдауының арқасында 16 мыңнан астам үлескер отбасының 15,5 мыңға жуығы баспаналы болды. Ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды,- деп жазды Жеңіс Қасымбек.

WhatsApp Image 2024-01-09 at 09.56.35.jpeg

Қала әкімінің сөзінше, биыл 500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады.

Мысалы, 2023 жылы құрылысы ұзаққа созылған 32 тұрғын үй кешені болатын. Былтыр ұзаққа созылған 22 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Биыл 10 үй қалды, олардың құрылысы осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқталады. Осылайша, қалған 500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында,- деді ол.

Барлық жаңалықтар