00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Биыл елордада «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңі аяқталады

13.03.2024 | 15:18
37

Жылыту маусымы тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына салмақ түсірмей, штаттық режимде өтіп жатыр. Әсіресе, аязды күндері де. Мәселен, өткен жылыту маусымында бізде шамамен 500 Гкал/сағ жылу тапшылығы болды. Ондаған жаңа нысан жылумен жабдықтауға қосылмаған еді.

Былтыр 3 млн 800 мың шаршы метр салынды. Олар – тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, әкімшілік ғимараттар және өзге де ғимараттар. 4 миллион шаршы метрдің барлығы дерлік жылусыз қалуы мүмкін деген үлкен қауіп болды! Сол кездегі қолда бар нысандар осы ғимараттардың бәрін жылыта алмас еді.

Өткен жылдың күзінде аяқтаған жаңа нысандарымыз миллиондаған шаршы метрді жылуға қосуға мүмкіндік берді. Олар – «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясы, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңі. Сол сияқты ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы аяқталды, ол қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандардың бірі болатын. Аталған тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының бәрі қалаға 1100 Гкал/сағ жылу берді. Сонымен қатар, олар қалаға алдағы жылдарға арнап жылу қорын беруге мүмкіндік жасады.

Бұл жұмысты ары қарай жалғастырамыз. Биыл «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегін толығымен аяқтауды, «Телман» газ жылу станциясының бірінші кезеңін және ЖЭО-3-тің көмір бөлігін салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, ЖЭО-2-ні кеңейтіп, «Оңтүстік-Батыс» ГЖС-ны жобалауға кірісуді жоспарлап отырмыз. Аталған жобалардың барлығын іске асыру арқылы 2035 жылға дейін жылумен жабдықтау қауіпсіздігінің қорын алуға болады,- деп жазды қала әкімі.

Барлық жаңалықтар