00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Биыл елордада 500-ге жуық үлескер отбасы пәтер кілтін алады

12.01.2024 | 10:16
32
фото: instagram.com

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері туралы жазды, деп хабарлады Elorda.info.

«Садовые кварталы», «Триумф Сити», «Территория комфорта-1» 2-кезек, «Ақерке 2» 2-кезек, «Мирный дом», «Коргалжынский квартал», «Алтын бұлақ», «Зере 2» секілді ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінің құрылысымен таныстым.
Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысанның тарихы күрделі. Жүздеген тұрғын жылдар бойы баспанасын күтіп жүр. Мәселен, «Садовые кварталы» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2011 жылы басталған. ЕҚК-ге өткізу кезінде нысанның тек қадалары мен қазаншұңқыры ғана бар болатын.
«Мирный дом» – тұрғын үй кешенінің тарихы 2011 жылдан басталады. Үлескерлерге тұрғын үй кешенінде жоспарланған пәтерлерден көп пәтер сатылған. Яғни жоқ пәтерді сатып жіберген.
«Алтын бұлақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған. ЕҚК-ге тапсырылғанға дейін үйдің тек 20%-ы ғана салынған. Бұл тұрғын үй кешенінде бес блок бар. Өткен күзде үш блоктың тұрғындары баспаналы болды,- деп жазды ол.

WhatsApp Image 2024-01-12 at 16.15.18.jpeg

Қала әкімнің сөзінше, биыл 500-ге жуық үлескер отбасы пәтер кілтін алады.

«Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің құрылысы 20 жыл бұрын басталған. Техникалық зерттеу нәтижесінде нысанның апатты жағдайда екені анықталды. Осылайша апатты тұрғын үй кешенінің блоктарын толықтай бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2021 жылы бірінші кезектің құрылысы аяқталды. Содан кейін 100-ден астам үлескер отбасы пәтер кілтін алды.
Әрбір нысан бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргіземіз. Осыған дейін мемлекеттің қолдауының арқасында ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталған. Нәтижесінде 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасы шешілді. Биылға 10 үй қалды. Олардың құрылысын осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтаймыз. Осылайша, қалған 500-ге жуық үлескер отбасы пәтер кілтін алады.
Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында,- деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Барлық жаңалықтар