00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Биыл елордаға 700 миллиардқа жуық инвестиция тартылған

25.08.2023 | 06:30
39
Фото: дереккөз

Астана экономикасына инвестиция тарту туралы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info

Осы жылдың алғашқы 7 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 678,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6% көп. 

Астана негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бойынша тау-кен өндірмейтін өңірлер арасында көшбасшы орын алады. Шетелдік инвестицияларға келер болсақ, 2022 жылы елордаға 2,2 млрд АҚШ доллары тартылды. Осы жылдың бірінші тоқсанында тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 455 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 75% артық, - дейді Қуаныш Сапаров.

Негізгі инвестор елдер Бельгия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Ресей, АҚШ, Швейцария және т.б. 

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, Астанада инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Былтыр 1 трлн 462 млрд теңге көлемінде рекордтық инвестиция тартылды, яғни өткен жылмен салыстырғанда 13,5%-ға көп, - деп атап өтті спикер.

Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін және жобаларды сүйемелдеуді жүргізетін «Астананы дамыту орталығы» фронт-офисі жұмыс істейді. Елорданың арнайы экономикалық аймақтарының басқарушы компаниясы «Astana Invest» мамандары да көмек көрсетеді. Олар жер учаскесін ресімдеуден бастап объектілерді пайдалануға беруге дейінгі жобаларға қатысты барлық мәселелерді шешуге дайын.

Бүгінгі таңда инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 1,1 трлн теңге болатын 163 жобаны қамтитын 15,9 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрумен Астана қаласының инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы құрылды. 2022 жылы 39,7 млрд теңге сомасына 10 жоба пайдалануға берілді, 1,1 мың жаңа жұмыс орны құрылды. 2023 жылы 1 700 жұмыс орнын құра отырып, 24 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Биыл алты жоба іске қосылды. 

Барлық жаңалықтар