00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстан мен Түркіменстан іскерлік ынтымақтастықты нығайтады

23.02.2024 | 06:23
49
Фото: дереккөз

Қазақстан астанасына түрікмен кәсіпкерлерінің делегациясы келді. Түркіменстанның тоқыма өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын өндіру саласының өкілдері үш күн ішінде Астана мен Қазақстанның орасан зор инвестициялық әлеуетін зерттеді, деп хабарлады Elorda.info

Іскерлік тур аясында Түркіменстаннан келген кәсіпкерлер Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшылығымен, “Astana Invest “ЖДО” ЖШС және “Астананы дамыту орталығы” ЖШС-мен кездесті. Қонақтарға инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктері – елордалық арнайы экономикалық аймақ шеңберінде және инвестициялық келісімшарт бойынша ақпарат берілді. 

Алғысөзінде басқарма басшысы Халел Әкімжанов биыл “Астана-Технополис” АЭА екінші индустриялық паркі бойынша ТЭН түзетуді аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті. Инфрақұрылым құрылысын бастау 2025 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, елордада аграрлық-индустриялық аймақты құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу орналастырылады және логистикалық парк іске асырыла бастайды, бұл тауарларды тасымалдауға шығындарды азайтуға, жеткізу процесін жеделдетуге және өңірдегі логистикалық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Түркімен бизнес-қоғамдастығының өкілдері “Астана-Технополис” АЭА аумағында тоқыма және құрылыс битум өндірісін орналастыру мүмкіндігіне, Қазақстанда өнімді өткізу мүмкіндігіне қызығушылық танытты. 

dd5160a7-fe35-4c30-8cc8-8e49d9583818.jpg

Сондай-ақ, әлеуетті инвесторлар Индустриялық парк кәсіпорындары бойынша Astana Invest ұйымдастырған таныстыру турына қатысты. 

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық, құрылыс саласы, Химиялық өндіріс, сондай-ақ инновациялық кеңістік саласындағы кең ауқымды мәселелер бойынша өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша екі елдің кәсіпкерлері әртүрлі салалардағы әріптестік қатынастарды дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерді атап өтті.

Бизнесмендердің Қазақстанға сапарын екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайту және екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР Түркіменстандағы елшілігінің қолдауымен “Астана” дипломатиялық клубы ұйымдастырды. 

820e1034-e94e-40b0-a16d-0d97b630dbf4.jpg

Барлық жаңалықтар