00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астаналықтар аула маңындағы ақылы автотұрақты тегін пайдалана алады

06.10.2023 | 06:00
44
фото: «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС

1 қазаннан бастап ақылы автотұрақтар орналасқан үйлердің тұрғындары оларды тегін пайдалануға бірегей мүмкіндік алды, деп хабарлады Elorda.info.

«Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС мәліметінше, бұл шешім қаланы тұрғындар үшін барынша ыңғайлы етуге арналған. Ал осыған дейін абонемент құны айына 1 500 теңге болған. 

Жауапты мекеменің мәліметінше, автотұрақ аймақтарының тізімі және олардың мекенжайлары astanapark.kz сайтының «Резиденттер» бөлімінде көрсетілген. Резиденттік абонементті ресімдеу үшін сайтқа тіркеліп, онлайн-өтініш беру қажет. 

Уақытты үнемдегісі келетін жүргізушілер үшін абонементтер беріледі. Абонемент иелері көліктерін қала бойынша барлық ақылы аймақтарда төлемсіз қоя алады, яғни, автоматты тіркеу жүйесі қолданыстағы абонементтің бар-жоғын анықтайды. Абонементтер жеке және заңды тұлғалар үшін де ұсынылады,-делінген дереккөзде. 

Айта кетейік, Астана қаласында 1 қазаннан бастап демалыс және мереке күндері автотұрақ ақылы болды. Мұндай шешім көшелердің өткізу қабілетін тұрақты негізде арттыруға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар