00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астаналық полицейлер жалған нөмірлі автокөліктерді анықтады

09.12.2023 | 05:30
43
Фото: POLISIA.KZ

Рейд кезінде полицейлер Toyota Camry және Volkswagen Polo автокөліктерін тоқтатқан, деп хабарлады Elorda.info POLISIA.KZ telegram-каналына сілтеме жасап. 

Тексеру кезінде Volkswagen жүргізушісі автокөлікке басқа көліктің тіркеу нөмірлерін орнатса, Toyota автокөлігінің иесі нөмірлік белгіні өзгерткені белгілі болған.

Екі құқық бұзушы да ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3, 4-бөліктері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды .

Жүргізушілер әкімшілік қамауға алынып, 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Олардың көліктері коммуналдық тұраққа қойылды, - деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар Volkswagen Polo жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде сақтамайтыны анықталды, оның есебінде 20-дан астам жол қозғалысы бұзылғандығы да тіркелген.

Барлық жаңалықтар