00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астаналық бойжеткен 4-қабаттан секірмек болды

28.12.2023 | 03:45
53
Фото: дереккөзден

Оның бұндай  әрекетке баруына достарымен арадағы өзара жанжал себеп болған, деп хабарлады Elorda.info.

Таңғы уақытта 102 пультіне Астанадағы тұрғын үйдің бірінің 4-қабатынан белгісіз бойжеткеннің төменге секірмек болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына полиция аға лейтенанттары Жолдас Сарыбай мен Нағашыбек Мекенбайдан құралған патрульдік полиция бригадасы дереу жетті. Қызметкерлердің бірі терезеге жүгіріп барғанда сыртта қабырғаға жабысып, айқайлап жылап жатқан қызды көрген. Полиция қызметкері жедел шешім қабылдап, оны тыныштандырып, әңгімеге айналдырып, көңілін аударды. Осы сәтте оның серіктесі, полиция аға лейтенанты Нағашыбек Мекенбай көрші бөлменің терезесі арқылы өтіп, шапшаңдықпен қызды қолынан ұстап, бөлмеге кіргізіп үлгерді, - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тәртіп сақшылары пәтерде 19 жастағы қыздың достарымен бірге тұрғанын анықтаған. Оқиғадан бұрын олардың арасында жанжал туындаған. Қыздың өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенуіне достармен болған жанжал себеп болған.

Құтқарылған қызға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Барлық жаңалықтар