00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанадан Алматы мен Шымкентке пойыздар кешкі уақытта қатынайды

08.11.2023 | 07:30
36
Фото: дереккөз

10 желтоқсаннан бастап Астанадан Алматы мен Шымкентке Тальго пойыздары кешкі уақытта жөнелтіледі, деп хабарлады Elorda.info

Пойыздардың кешкі кесте бойынша қозғалысы жолаушылар үшін қауіпсіздік пен жайлылықты, сондай-ақ құрамдарға техникалық қызмет көрсетудің толық циклін қамтамасыз етеді, - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарламасында. 

Жолаушылар пойыздарының «пакеттік» кестесі келесі бағыттар мен Астанадан шығу уақыты бойынша іске асырылады: 

- №86/85 Астана (Нұрлы жол) – Шымкент сағат 20:00-де;

- №4/3 Астана (Нұрлы жол) – Алматы-2 сағат 20:20-да;

- №72/71 Астана (Нұрлы жол) - Шымкент сағат 20:40-та;

- №10/9 Астана (Астана-1) – Алматы-2 сағат 20:58-де.

Елордалық вокзалдарда бір мезгілде төрт пойыз құрылатынын ескерсек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға пойызға отырғызу кезінде мұқият болуды ескертеді. 

Барлық жаңалықтар