00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада жыл басынан бері 600-ге жуық бала қызылша жұқтырған

19.01.2024 | 09:41
35
Фото: дереккөзден

Жыл басынан бері Астанада қызылша бойынша 576 бастапқы және 216 расталған факті тіркелді. Қызылша жұқтырған 14 жасқа дейінгі балалардың саны 152. 

Сархат Бейсенованың айтуынша, елордада күніне 40-қа жуық баладан қызылша анықталады.  

Айта кету керек, 152 науқасқа шалдыққан баланың ішінен 92 пайызы бұл қызылшаға қарсы вакцина алмаған балалар, олардың ата-аналары қызылшаны жоюға қол жеткізу және қолдау жолында айтарлықтай кері ықпалын тигізуде. Науқастардың ішінде қызылшаға қарсы вакцинация алғандар тек 6 пайыз, ал вакцинация мәртебесі белгісіз науқастар 26 пайызды құрады. Қызылшаның таралуын болдырмау үшін топтық иммунитетінің жалпы көрсеткіші бүкіл халық арасында 85-90 пайыздан кем болмауы керек екенін тағы да еске саламын, - деді  Сархат Бейсенова. 

Барлық жаңалықтар