00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Астанада жол қауіпсіздігіне қатысты жаңа жоба енгізілді

22.02.2024 | 06:08
58
Фото: дереккөз

«Ekin Patrol G 2» кешенінің қарама-қарсы және бір бағытта келе жатқан автокөліктердің жылдамдық режимін бұзушылықтарды тіркейтін бірегей мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ 360 градусқа жан-жағын шолып қарайтын панорамалық бақылау кешені арқылы іздеуде жүрген көлік құралдарын тануға болады. Бұл функция осындай автокөліктерді ұстауға жедел әрекет жасауға ықпал етеді.

22e975e039428c419c7dab683cb4a845_1280x720.jpeg

Кешеннің мобильді әрі көп функционалды болуы есебінен бұзушылықтарды тіркейтін стационарлық камералары жоқ көшелердің учаскелерінде жылдамдық режимін бұзушылықтар тіркелетін болады.

Жалпы енгізіліп жатқан бағдарлама жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуін бақылауға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар