00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада жөндеу жұмысына байланысты екі көше жабылады

08.07.2023 | 18:30
30
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, М.Ғабдуллин және Ш.Иманбаева көшелерінде орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 10-11 шілде күндері М.Ғабдуллин көшесінің А.Иманов көшесінен Речный тұйығына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Сондай-ақ, 9-10 шілде аралығында Ш.Иманбаева көшесі бойында Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейінгі қозғалыс жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Барлық жаңалықтар